Намаз қалай оқылады? Әрине материалдар жетерлік, бірақ бұл жерде аудио, видио, және оқып жаттау үшін дайын материалдар жинақталған. Арапша оқу білмейтін адамдарға арналады. Оларды сіз өз телефоныңызға(планшетке, компьютерге немесе распечатать) жүктеп оқуыңызға болады.

НАМАЗДЫ ОҚУДЫҢ ВИДИО ҮЛГІСІ

Таң намазы: https://drive.google.com/file/d/12q-7gLU8jGudCWNxARzCS0nNO9YZ54Uf/view?usp=sharing

Бесін намазы https://drive.google.com/file/d/12q-7gLU8jGudCWNxARzCS0nNO9YZ54Uf/view?usp=sharing

Екінті намазы https://drive.google.com/file/d/12q-7gLU8jGudCWNxARzCS0nNO9YZ54Uf/view?usp=sharing

Ақшам намазы https://drive.google.com/file/d/12q-7gLU8jGudCWNxARzCS0nNO9YZ54Uf/view?usp=sharing

Құптан намазы https://drive.google.com/file/d/12q-7gLU8jGudCWNxARzCS0nNO9YZ54Uf/view?usp=sharing

НАМАЗДЫ ОҚУДЫҢ АУДИО ҮЛГІСІ

Таң намазы:

Бесін намазы

Екінті намазы

Ақшам намазы

Құптан намазы

НАМАЗДА ОҚЫЛАТЫН АУДИО ФАЙЛДАР:

  1. Фатиха сүресі: тыңдау немесе жүктеу
  2. Ықылас сүресі: тыңдау немесе жүктеу
  3. Фалақ сүресі: тыңдау немесе жүктеу
  4. Нас сүресі: тыңдау немесе жүктеу
  5. Кафирун сүресі: тыңдау немесе жүктеу
  6. Каусар сүресі: тыңдау немесе жүктеу
  7. Құныт дұғасы: тыңдау немесе жүктеу

СҮРЕЛЕРДІҢ ҚАЗАҚША ЖАЗЫЛУЫ ( жүктеу немесе распечатать )

«Субханәкә Аллаһумма уа  бихамдика уә тәбәрәкә-смука уә тә’ала жәддукә уә лә иләһә ғайрук»

Мағынасы: Уа, Аллаһым! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак. Және де сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.

«субхана раббиял азим»

(Ұлы Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!)

«Сәмиаллаһу лимән хамидаһ»

(Алла мадақ айтқан құлын естіді!)

«раббәнә уә ләкәл-хамд»

(Уа, Раббымыз! Барша мадақ тек саған лайық)

«субхана раббиял а’ләә»

(Аса Ұлық Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!)

Әт-тахияту дұғасы

«Әт-тахияту лилләһи уас-салауаату уа-таййбәәт, әс-сәләәму ’аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллааһи уә бәракәтуһ, әс-сәләму ’аләйнә уа ’алә ’ибәдилләһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ’абдуһу уә расуулуһ».

Мағынасы: Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаға лайық. Уа, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Алланың рақымы мен берекеті жаусын! (Уа, Раббымыз!) Сәлем бізге және Алланың салиқалы құлдарына болсын. Мен Алладан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне, хазіреті Мұхаммед Алланың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

«Аллаһумма салли ‘алә Мухаммәдин уа ‘алә әәли Мухаммәд, кәмәә саллайтә ‘алә Ибраһимә уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид»

Мағынасы: Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына салауат еткенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына салауат ет. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы.

«Аллаһума бәрик ‘алә Мухаммадин уа ‘алә әәли Мухаммад, кәмә бәәрактә ‘алә Ибраһима уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжид»

Мағынасы: Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына берекет бергенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына да берекет бер. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы.

Хазіреті Мұхаммедтің Алланың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

«Раббәнәә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә ‘азәбән-нәр»

Мағынасы: Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта!

«Аллаһумма әнтәс-сәләәму уә минкәс-сәләәм, тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икраам»

Мағынасы: Аллаһым! Сен сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті – Сенсің. Уа, құдірет пен жомарт иесі Раббым.

Кәусәр сүресі

Бисмилләәһир рахмаанир рахиим

«Иннәә ә’тайнакәл кәусәр, фасалли лираббика уәнхар, инна шәниәкә һуәл әбтәр»

Мағынасы:

1.    Расында, Біз саған кәусарды бердік.

2.    Сен де Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал.

3.    Расында, сені жамандағанның өзі ұрпақсыз қалады.

 Фәлақ сүресі

Бисмилләәһир рахмаанир рахиим

«Қул ә’узу бираббил фәлақ, мин шәрри мәә халақ, уа мин шарри ғаасиқин изә уақаб, уа мин шаррин нәффәәсәәти фил ’уқад, уа мин шарри хәәсидин изәә хәсад».

Мағынасы:

1.    Таңның Раббысына сиынамын.

2.    Жаратқан нәрселердің кесірінен.

3.    Қараңғылық басқан сәтте түннің кесірінен.

4.    Түйіншектерге дем салған дуалаушылардың кесірінен.

5.    Һәм қызғаныштан тұла бойын өрт шалған көре алмаушылардың күндеген сәтте кесірінен, –  деп айт.

Нәәс сүресі

Бисмилләәһир рахмаанир рахиим

«Қул ә’узу бирраббин нәәс, мәликин нәәс, иләәһин нәәс, мин шәррил уәсуәәсил ханнәс, әлләзи иуасуису фи судуурин нәәс, минәл жиннәти уәннәәс».

Мағынасы:

1.    Адамдардың Раббысына,

2.    Адамдардың  жалғыз Иесіне,

3.    Адамдардың Құдайына сиынамын.

4.    Сол бір азғырған шайтанның кесірінен.

5. Ол – адамдардың жүрегіне жаман ой салып азғырады.

6.    Ол шайтан жындардан да, адамдардан да шығады, деп айт.

Құныт дұғасы

«Аллаһумма инәә нәстә’иинукә уә нәстәһдик

уә нәстағфирукә, уә нәтуубу иләйк

 уә ну’мину бикә уә нәтәуәккәлу ’аләйк

 уә нусни ’аләйкәл-хайрә күлләһ

 нәшкурукә уә ләә нәкфурук,

уә нахла’у уә нәтруку мәи иәфжурук.

Аллаһумма иййәәкә нә’буд

 уә ләкә нусалли уә нәсжуд

 уә иләйкә нәс’а уа нахфид,

наржу рахмәтәкә уа нахшә ’азаабәк

иннә ’азаабәкә әльджиддә бил куффари мулхиқо».

Мағынасы: Аллаһым, біз күмәнсіз Сенен жәрдем және кешірім тілеп, тура жол, һидаят сұраймыз. Саған иман етіп, күнәларымыз үшін тәубе етіп, Өзіңе арқа сүйейміз. Сені барлық жақсылықтармен мадақтап, зікір етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе шүкір етеміз. Сені теріске шығармаймыз. Саған қарсы келгендерді теріске шығарып, олармен мүлдем байланысымызды үземіз.

Аллаһым! Біз тек Саған ғана құлшылық етіп, сен үшін намаз оқып, саған сәжде етеміз. Саған лайық құл болып, сенің разылығыңды алу үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз. Рақымдылығыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқамыз. Күмәнсіз, азабың кәпірлерді қамтиды.

«Кафирун» сүресі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِ

قُلْ يَا أَيُّهَا الْكَافِرُونَ ﴿1﴾ لاَ ۤ أَعْبُدُ مَا تَعْبُدُونَ ﴿2﴾

 وَ لاَ ۤ أَنْتُمْ عَابِدُونَ مَا أَعْبُدُ ﴿3﴾ وَ لاَ ۤ أَنَا عَابِدٌ مَّا عَبَدْتُمْ ﴿4﴾

وَ لاَ ۤ أَنْتُمْ عَابِدُونَ مَا أَعْبُدُ ﴿5﴾ لَكُمْ دِينُكُمْ وَلِيَ دِينِ ﴿6﴾

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим

«Қул иәә әииуһәл кәфируун, ләә ә’буду мә тә’будун, уәләә әнтум ’абидуна мәә а’буд, уа ләә әнә ’абидум мә’бәдтум, уә ләә әнтум ’абидуна мәә а’буд, ләкум диинукум уәлиадин»

Мағынасы:

1. Былай де: Әй, кәпірлер!

2. Мен сендердің табынғандарыңа құлшылық жасамаймын.

3. Сендер де менің құлшылық жасағаныма табынбай-сыңдар.

4. Сондай-ақ, мен сендердің табынғандарыңа құлшылық жасаушы емеспін.

5. Сондай-ақ, сендер де менің құлшылық жасағаныма табынушы емессіңдер.

6. Олай болса, сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме.

«Насыр» сүресі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِ

إِذَا جَاۤءَ نَصْرُ اللَّهِ وَالْفَتْحُ ﴿1﴾ وَرَأَيْتَ النَّاسَ يَدْخُلُونَ فِي دِينِ اللَّهِ أَفْوَاجاً ﴿2﴾ فَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ وَاسْتَغْفِرْهُ إِنَّهُ كَانَ تَوَّاباً ﴿3﴾

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим

«Изә жәә насруллаһи уәл фатх, уа раәйтәннәсә иадхулуна фи динилләһи әфуәжә, фәсәббих бихамди раббикә уастағфирһ, иннаһу кәәнә тәууәәбә»

Мағынасы: 1-2. Алланың жәрдемі мен жеңісі келіп, адамдардың топ-тобымен Алланың дініне кіргенін көрген кезде. 3. Раббыңды мақтап дәріпте және Одан жарылқау тіле. Өйткені Ол – тәууаб, тәубаларды қабыл етуші.

Материалдарды толық мына приложениялардан көріп пысықтауыларыңызға болады:

  1. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтының әзірлеуімен жасалынған бұл қосымшада Әбу Ханифа мәзһабының негізінде НАМАЗ оқудың фото және бейне үлгілері берілген. 
  2. Quran for Android — это бесплатное приложение Коран для устройств Android.

1 комментарий

Куаныш · 10.09.2019 в 10:42 пп

Жаксы жазылыпты. Видео және аудио жаксы сұрыпталган. Рахмет Алла разы болсын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *