Бұл сұрақтың да жауабы баяғыдан бар екен. Жаңа біліп жатырмын. Ой Аллай десейші?!

Истихара намазы

Истихара намазы жақсы істердің орындалуын Алладан сұрау үшін оқылатын 2 рәкат намаз. Алғашқы рәкатта – «Кафирун», екінші рәкатта – «Ықылас» сүресін оқу керек. Намаздан кейін «истихара» дұғасы оқылады. Дұғаны оқығаннан кейін жүрегінің қанағат еткеніне қарай әрекет етеді.

«Аллаһым!

Іліміңе сеніп, мен Сенен ниеттенген ісімнің жақсылығының белгісін тілеймін.

Құдіретіңе сеніп, Сенен күш-қуат сұраймын.

Жақсылыққа жетуімді сенің асқан рақымдылығыңнан тілеймін.

Өйткені, Сенің барлық нәрсеге күшің жетеді. Менің күшім жетпек емес.

Сен күллі нәрсені білесің. Мен білмеймін.

Сен ғайып әлемді тұтас білесің.

 

Аллаһым!

Сен бұл іс менің дініме, өміріме, ісімнің ақырына немесе дүние мен ақыретіме пайдалы болса, осыны маған нәсіп ет.

Одан кейін маған мол береке бер.

Ал егер бұл іс менің дініме, өміріме, ісімнің ақырына және дүние мен ақырет әлеміме жаманат әкелетін болса, менен алыстат.

Мені де одан алыстат.

Жүрегімде оған деген иілу ізін қалдырма.

Жақсылыққа, тек жақсылыққа жеткіз.

Содан кейін онымен мені разы ет».

 

Осыдан кейін мәселе айқындалмаса, намаз бен дұғаны жеті күн қайталау қажет. Истихара намазын күндіз оқуға болатыны сияқты толық ынта бөліп, кешке жатардың алдында да оқуға болады. Истихара дұғасының арабшасын айту шарт емес. Қазақша мағынасын айтса да болады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *