Алла елшісі (ﷺ) «Парыз болған намаздар таразы секілді. Кімде- кім парыз намаздарын толық орындаса, таразы басы тең. Ал толық орындамағандар оны кеміткен болады. Таразысының басын тең етпегендер Алла тағала таразыдан кеміткендер жайлы нендей жаман хабар айтқанын (намаздан) білсін»[5] – деп парыз намазды толық оқыса, ақыретте Алла Тағала сауапты молынан жазатынын, ал, оқымаған жағдайда өкінішті халде болатынын ескерткен. Басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген: «Менің үмбетімнен екі адам тұрып намаз оқиды. Екеуінің рукуғтары мен сәжделері бірдей, бірақ екеуінің намазында жер мен көктей айырмашылық бар»[6]190 – деп намазды тек қимыл-қозғалыспен емес, шынайы ықыласпен орындау керектігін тілге тиек еткен. Намазды ықыласпен оқу жайында Баһауддин Нақшибәндиден бір кісі: «Мүмін намазды қалай ықыласпен оқи алады?» деп сұрағанда ол мына төрт нәрсені өсиет еткен екен:

1. Адал ас

2. Дәретті не үшін алып жатқанын сезіне білу

3. Алғашқы тәкбір алғанда, өзін Алланың құзырында тұрғандай сезіну

4. Намаздан тыс уақытта да намазда тұрғандай Алланы естен шығармау.

Намазда жүректегі сезімді Аллаға бағыттап, Оған  деген шексіз сый-құрметті сезініп, шынайы ықыласпен тұру әркімнің-ақ қолынан келері хақ. Хақты еске алып, Оның құзырында тұрғандай лүпілдеген жүрекпен намаз оқу – шынайы тақуалықтың бастауы. Алла Тағала құлдарының иманы мен ғибадаттарына еш мұқтаж емес. Кіріптарлықтан оларға ғибадат жасаңдар деп бұйырмайды. Керісінше, біз Хақтың нұрына мұқтажбыз. Алла Тағала пенделерге, яғни бізге ізгілік жолын нұсқап, екі дүниеде де бақытты болуымызды, ар-ожданы мен жүрегі таза, достық пен бауырмашылықты жан-тәнімен сүйетін, игі мінез құлықты құл болуымызды қалайды. Көзімізбен көріп жүрген барша жаратылысты Алла Тағала адам баласы үшін жаратты. Осындай қисапсыз нығметтің қарымын өтеу үшін, Аллаға шынайы құл болу, тек тілмен емес, түн ұйқысын төрт бөлер шынайы амалмен жүзеге асады.

[5] Ихия Улумид-дин: Китабу Асрарис-саләт 131.
»Намаз» 

Рубрики: Намаз

0 комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *