Лә Иләһә Иллаллаһ, Муһәммәду Росулуллаһ.
Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед – Оның елшісі
Нет другого истинного Бога, кроме Аллаха, Мухаммад – посланник Аллаха.
Лә илаһа иллаллаһ –ол таухид кәлимасы.
Лә илаһа иллаллаһ – ол Алланы ғибадатта жалғыздау.
Лә илаһа иллаллаһ— ол Алла жіберген елшілердің діндері.
Лә илаһа иллаллаһ-мұсылманның ең үлкен қаруы.
Лә илаһа иллаллаһ-ол пенделердің мойнындағы Алланың ақысы.
Лә илаһа иллаллаһ— сол үшін Алла барлық тіршілікті жаратты. Соған негізделіп дін құрылды. Сол үшін жер мен аспандар жаратылды. Сол үшін құбыла тұрғызылды.
Лә илаһа иллаллаһ-мал-мүлік пен жанды, ұрпақты барлық жамандықтан (тілден, көзден, қарғыстан, сиқырдан, жын, шайтаннан) қорғайды.
Лә илаһа иллаллаһ-қабір азабынан, тозақ отынан құтқарады. Ол берік жіп, оны бекем ұстанбаған жәннатқа жете алмайды. Осы сөзбен ғана жәннатқа кіреді.
Лә илаһа иллаллаһ-мәңгілік мекен кілті. Сол үшін адамдар екіге бөлінді- бақытты және сорлы, қабыл болған және мақұрым қалған. Мұсылман- тек Алла үшін істейді, Алла үшін жақсы көреді, Алла үшін ашуланады, Алла үшін жек көреді. Сол кезде жүрек тыныштық пен бақытты сезінеді.
Лә илаһа иллаллаһ-әрбір үлкен-кіші ісімізде,
Лә илаһа иллаллаһ-әр қимылымыз бен тыныштығымызда,
Лә илаһа иллаллаһ-үйде, мешітте, қызметте, көшеде, барлық жерде. Кімнің соңғы демі Лә илаһа иллаллаһ болса жәннатқа кіреді.
«Лә Иләһә Иллаллаһ, Муһәммәду Росулуллаһ» кәлимасын жақсылап жаттап алайық, мағынасын ұғынуға тырысайық, ұрпақтарымызға үйретейік, Алла разы болсын!
0 комментариев