Қазір біз осы неге қазақша амандаспаймыз? Қазақстанда бәрі қазақша амандасуды түсінеді ғой. Қалай қазақша амандасуға болады? 

Бәріміз қазақша амандасып, қазақ тілінің дамуына бір кішкентай болса да үлес қосайық. Осыдан бастап көрейік.

 

СƏЛЕМДЕСУ ҮЛГІЛЕРІ

(ФОРМУЛЫ ПРИВЕТСТВИЯ)

В казахском языке дифференциация приветствия зависит от возраста и принадлежности к полу.

– Сəлем! – Привет!

– Сəлеметсің бе – Здравствуй

Такое приветствие принято между ровесниками.

– Сəлеметсіз бе – Здравствуйте

Это приветствие употребляется молодыми людьми обоего пола в обращении к старшему. Если приветствуемый старший не один‚ тогда употребляется Сəлеметсіздер ме.

Итак:

  1. Сəлем; Сəлеметсің бе приветствие ровесников
  2. Сəлеметсіз бе – молодого к старшему
  3. Сəлеметсіздер ме – молодого к старшим.

Ассалаумағалейкум – только мужское приветствие. Таким образом‚ младшие по возрасту должны приветствовать старших. А старшие отвечают Уағалейкумассалам. Эти приветствия не меняются по форме вежливости и числа (множ.).

Амансың ба! Обычно употребляется между женщинами пожилого возраста. Это приветствие употребляется так же молодыми людьми обоего пола в обращении к старшим‚ к более пожилым людям женского пола. Соответственно это приветствие меняется по форме вежливости и числа (множ.)

Амансыз ба!

Амансыздар ма!

Əдепті елдің баласы

Алыстан сəлем береді.

(Қазақ мақалы)

 

Сəлем беру де – парыз,

Сəлем алу да – парыз.

(Өзбек мақалы)

 

Əдептілік белгісі – иіліп сəлем бергені,

Жақындықтың белгісі – келіп-кетіп жүргені.

(Мақсұд Шайхзада)

 

Алыстан алты жасар бала келсе,

Алпыстағы қарт сəлем береді.

(Қазақ мақалы)

 

 Сəлем сөздің анасы

Амандасу (Сəлемдесу) – инабаттылық пен əдепке қатысты қатынас нормасы. Байырғы қазақ дəстүрі амандасулардың əлеуметтік тегінен, байлығынан жəне жалпы өмірдегі алатын орнынан белгі беретін болған. Ертеде хан немесе ірі сұлтандарға төменгі таптағы адам екі қолын кеудесіне қойып жəне төмен қарай иілмесе, оларға жақындай алмаған. Ал егер ол қайырым ретінде оған қолын созса, онда ол бір тізерлеп жерге отырып, оның қолын екі қолымен қысатын болған (қазір пашти осылай бастықтармен).

Қазақтар бір-бірімен жолыққанда бір-бірінен «Мал-жан аман ба?» – деп сұрасқан. Мал аман ба? – деп сұрауы олардың тұрмыс-тіршілігі, күнкөріс өзегі, шаруашылық қатынастарының негізгі құралы саналған төрт түлікпен тікелей қатысты болуына байланысты малды жəне отбасы туралы жөн сұрасу қалыптасқан нормаға айналған. Осылай сəлемдескеннен кейін ризашылықпен кішіден: «Мал-жаның аман ба?» – деп сəлем береді. Оған қалыптасқан дағдылы жауап: «Құдайға шүкір, өзіңіздің мал-жаныңыз аман ба?» – деп жауап береді. Қазақ «Жақсы сөз, жарым ырыс» деп ырымдап, əрқашанда «жақсы» деген. Ерлер арасында мұндай амандасу сөздер əйелдерге қатысты қолданылмайды, оларға тек «Сəлеметсіз бе?» – деп амандасады. Далада бір топ қазақтар екінші топпен ат үстінде кездесіп қалса, «Ассалаумағалейкум» деп оң қолын созып амандасып, сол қолын амандасушының оң иығына қояды. Қарсы жақ «Уағалейкумассалам» деп аманын қабыл алып, қол алысады. Келген мейманның өзі киіз үйге енгенде «Ассалаумағалейкум» деп жалпыға сəлем беріп кіреді. Тіпті баспанада адамдар жоқ болса да немесе əйелдер отырған жағдайда да «Ассалаумағалейкум» деп шаңыраққа сəлем беру əдеті қалыптасқан. Сырдарияның төменгі бойы қазақтарында да амандасудың өзіндік дəстүрі бар. Арал, Қазалы өңірінде ер бала да, қыз бала да өзінен үлкендерге дауыстап «Сəлем бердік» дейді. Келіннің беті ашылып, босаға аттаған күннен бастап, келін күйеуінің ағайындарын көрген кезде екі қолын алдына бір-біріне айқастырып «Сəлем бердік» деп дауыстап, өзі иіледі. Үлкендер келіннің сəлеміне: «Көп жаса! Бақытты бол!» – деп жауап қайтарады. Бұл дəстүр келіндердің күйеуінің ағайындарына деген ізеттілігін білдіреді.

 

Жаман ырым болып саналғандықтан, ауылға алыстан атпен шауып келуге болмайды. Ауылға қонақ келгенде міндетті түрде аяңдап келіп, үй сыртына жақындағанда «сөйлес» деп дауыстайды. Үш қайталаудан кейін жауап болмауы қонақты қабыл алмағандығын білдіреді. Үй иесі немесе үй иесінің əйеліне қонақ «құдайы қонақ» деп жауап береді. Бұдан кейін үй иесінің шақыруымен үйге кіреді жəне келген қонақ əйел болса үйдің сол жағына, еркек болса оң жағына отырады. Егер үй иесі өз қонағынан жасы үлкен болса, онда бірінші болып: «Амансыз ба?» деп сəлемдеседі. Қонақ сұрағына жауап беріп, үй иесінен «Мал-жаныңыз аман ба?» деп сұрайды. Содан соң қонақ үйде отырғандардың барлығын аралап шығады. Ал əйел адамдарға жұмсағырақ: «Есенсіз бе?» — дейді, бұл «Деніңіз сау ма?» — дегенді білдіреді. Ал қыздарға айтқанда: «Қарағым, шырағым» деген сөздерді қосады.

 

ПРИВЕТСТВИЕ СƏЛЕМДЕСУ

Здравствуйте! Сəлеметсіз бе?

Доброе утро! Қайырлы таң!

Добрый день! Қайырлы күн!

Добрый вечер! Қайырлы кеш! Кеш жарық!

Добро пожаловать! Қош келдіңіздер!

Привет! Сəлем!

До свидания! Қош болыңыз! Сау болыңыз!

Встреча Кездесу

До встречи! Кездескенше!

Всего доброго! Сəлемет болыңыз!

Счастливого пути! Жолыңыз болсын!

Извините Кешіріңіз

Идти Бару

Приходить Келу

Уходить Кету

Подойти Жақындау (Келу)

Видеть Көру

Здоровье Денсаулық

Как ваше здоровье? Денсаулығыңыз қалай?

Как вы поживаете? Қалыңыз қалай?

Как дела? Қал қалай?

Здравствуй, Сандугаш? Сəлеметсіз бе, Сандуғаш?

Рад (рада) тебя видеть Сені көргеніме қуаныштымын

Снова Тағы

Есть новости? Жаңалық бар ма?

Настроение Көңіл-күй

Хорошо Жақсы

Отлично Күшті

Неплохо Жаман емес

Куда идете? Қайда бара жатырсыз?

Как … ?

— родители

— семья

— дети

— жена

— родственники

— соседи

… қалай?

— Ата-анаң

— Отбасың

— Бала-шағаң

— Əйелің

— Туыстарың

— Көрші-қолаң

Мы не общаемся Біз араласпаймыз

Живы-здоровы Аман-есен

Они …

— переехали

— приехали

Олар …

— көшіп кеткен

— көшіп келген

Спасибо, все хорошо Рақмет, бəрі жақсы.

Деген екен мына жерде: Ұлтық этикет.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *