Бейсенбі, жұма, ораза, айттарда, зират басында, туған, дүниеден өткен күндерінде, құрмалдық шалғанда марқұм болған туған-туыс, құрбы-құрдас, жақындарыңның аруағына Құран бағыштаңыз келсе, қасиетті Құран Кәрімнің «Фатиха», «Ықылас» сүрелерін жатқа айтып, оқуыңызға болады. Төменде осы сүрелердің, ол оқылғаннан кейін айтылатын тілектердің бір мәтінін назарларыңызға ұсынамын.

1. «Фатиха» сүресі

Аудиофайлды тыңдау үшін мынаны басыңыз

 Фатиха сүресі-1рет, Ыхлас сүресі — 3 рет оқылады.

Ағузу биллаһи минәш шайтанир – ражим.

Би – исми – л лаһи – р – рахмани – р – рахим.

Әл – хәмду лиллаһи рабби – л — әләмин.

Ар – рахмани- р – рахим.

Мәлики йауми – д – дин.

Ий – ака нағбуду уә ий — әкә нәстағин.

Иһдина – с – сирата – л – мустақим.

Сирата – л – ләзинә әнғамта ғалейһим ғейри – л — мағдуби ғалейһим уа – ла- д – даллин (Әмин).

(Әминді әр уақытта іштен айтады).

2. «Ықылас» сүресі (үш рет оқылады)

Би – исми – л – лаһи – р – рахмани – р – рахим.

Құл һуа аллаһу ахад.

Аллаһу – с – самад.

Ләм йалид уа ләм йуләд

Уа ләм йакүн ләһу күфуән ахад.

Сүбіха раббика – раб – бил иззәти амма Иаси – фун уа сәламун аләл – мурсалин Уолхамду – лиллаһи раби – бил аламин (Әмин).

Иә, Ұлы Алла

осы оқылған Фатиха, Ықылас сүрелерінен болған сауапты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), Пайғамбарларға, Сахабаларға, Әулие-Әмбиелерге, Шаһидтерге, дүниеден өткен барша мұсылмандарға (өзімнің дүниеден өткен ата-бабаларыма, әке-шешелеріме, туған-туысқандарыма, аты-жөнін айту керек) бағыштадым.

Иә, Алла! Ата бабаларымның рухтарын шат-шадыман етіп, осы оқылған Құранның нұрымен нұрландырып,  жандарын жәннатта ете гөр!

Иә, Алла! Біздерді – үй ішімізді, халқымызды анау-мынаудан Бір өзің сақтай гөр! Дұға тілектерімізді қабыл етіп, екі дүниеде де нығметіңе бөлей гөр!

3. Раббәна атина фиддүния хасанәтән. Уә Фил-ахирәти хасанәтән уә қина ғазәбәннар. «Раббымыз! Біздерге екі дүниеде де тек жақсылығын бере гөр! Аллаһу Әкбар!»

Cүрелердің қазақша мағынасы:

«Қуылған шайтаннан Аллаға сыйынамын.»

«Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!»

1. Фатиха сүресі

«Аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы, Аллаға тән. Аса қамқор, ерекше мейірімді. Қиямет күнінің иесі: Иә Алла! Саған ғана құлшылық қыламыз, қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тура жолға сала гөр! Нығметіңе бөлендіргендеріңнің жолына, ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!»

(Әмин)

2. Ыхлас сүресі

 «Ол Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес.»

(3 рет оқылады)

3. «Сенің үстем Раббың, олардың сипаттағандарынан пәк. Пайғамбарларға сәлем! Барлық мақтау Әлемдердің Раббы-Аллаға тән.»

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *